УЕФА клубтарының рейтингі: «Астана» бес орынға жоғарылады

УЕФА клубтарының рейтингі: «Астана» бес орынға жоғарылады

«Астана» футболшыларының Еуропа Лигасында прагалық «Славияны» жеңуі команданың УЕФА клубтары рейтингінде өз орнын жақсартуға ықпал етті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>Станимир Стойловтың шәкірттері 20,750 ұпаймен 72-ден 67-орынға көтерілді. 66-орынға - веналық «Рапид» (21,500), одан кейін агдамдық «Карабах» (20,500) жайғасқан. </span>

<span>Алғашқы үштікте мадридтік «Реал» (148,000), «Барселона» (126,000) және мюнхендік «Бавария» (125,000) орналасқан. </span>

<span>Еске салайық, кеше «Астана» командасы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы ойынын Чехия астанасы Прагада «Славиямен» өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан футбол тарихында тұңғыш рет плей-офф бәсекесіне жолдама алды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или