Флорентино Перес: Неймар «Алтын допты» алғысы келсе, «Реалға» ауыссын
«Реалдың» президенті Флорентино Перес бразилиялық футболшы Неймарды мадридтік клубта көргісі келетінін айтты.
«Алтын допты» Криштиану мен Мессиден тартып алу қиын. Бәрі де менің Неймарды командаға алғым келгенін біледі. Мадридте оның «Алтын допты» жеңуіне мүмкіндік көп. Себебі «Реал» - үлкен ойыншыға керек нәрсені беретін клуб», - деді Перес.
Айта кетейік, кеше «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду бесінші рет «Алтын допты» жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или