«Астана» плэй-оффта кіммен ойнауы мүмкін

«Астана» плэй-оффта кіммен ойнауы мүмкін

«Астана» қазақстандық футбол тарихында алғаш рет Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алды.

Демек, бізді еурокубоктық көктем күтіп тұр деген сөз. Ал 1/16 финалдың жеребесі 11 желтоқсанда УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде тартылады.

Командалар екі себетке бөлінеді. Алғашқысында өз топтарының жеңімпаздары мен Чемпиондар лигасында үшінші орын алған үздік төрт команда болады.

Ал екінші себетке екінші орын алған ұжымдар мен ЧЛ-дан келетін қалған төрт команда енеді.

Бірінші себет: «Арсенал» (ENG), «Аталанта» (ITA), «Атлетик» (ESP), «Атлетико»* (ESP), «Брага» (POR), «Виктория» (CZE), «Вильяреал» (ESP), «Динамо» Киев (UKR), «Зальцбург» (AUT), «Зенит» (RUS), «Лацио» (ITA), «Лейпциг»* (GER), «Локомотив» (RUS), «Милан» (ITA), «Спортинг»* (POR), ЦСКА* (RUS)

Екінші себет: АЕК (GRE), «Астана» (KAZ), «Боруссия» Дортмунд* (GER), «Копенгаген» (DEN), «Лудогорец» (BUL), «Лион» (FRA), «Наполи»* (ITA), «Ницца» (FRA), «Олимпик» (FRA), «Партизан» (SRB), «Реал Сосьедад» (ESP), «Селтик»* (SCO), «Спартак»* (RUS), «Стяуа» (ROU), «Црвена Звезда» (SRB), «Эстерсунд» (SWE).

«Астана» екінші себетте болғандықтан ол «Боруссия», «Лион» немесе «Наполи» сынды азулы клубтармен кездесе алмайды. Есесіне, «Арсенал», «Атлетико», «Лацио» не «Миланмен» кездесіп қалуы әбден мүмкін.

Еуропа лигасының 1/16 финал матчтары 15 және 22 ақпанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или