«Астана», «Астана» тағы да «Астана»...
Еуропа лигасының топтық кезеңі мәресіне жетті.
«Славия» командасымен сынға түскен «Астана» плей офф кезеңіне шығу үшін чехиялық команданы сырт алаңда қалай да жеңу керек болатын.
Кездесудің маңыздылығын жақсы түсінген елордалық ұжым жергілікті климатқа бой үйретіп, кездеуге тыңғылықты дайындалу мақсатында Чехия жеріне бір апта бұрын атанған.
Бұл ойынға «Астана» клубының барлық ойыншылары сақадай сай болатын.
Кездесудің бірінші таймы алаң қожайындарының басымдылығымен өткенімен біздің қақпаға айтарлықтай қауіп төндірген соққы жасай алмады. Ал «Астана» ұжымы болса көбіне қарымта шабуыл мен стандартқа сенім артты. Бұл тактика кездесудің бірінші таймының соңына қарай нәтижесін беріп, елордалық ұжымның қорғаушысы Марин Аничич командасын алға шығарды.
Ал екінші таймда «Славия» бар күшін шабуылға жұмсады. Тіпті қорғаушылардың орнына шабуылшы шығарып, барлық ойыншылары біздің қақпа маңын торуылдаумен болды. Бұл тұста біздің қақпашы Эрич пен қорғаушылардың керемет ойын көрсеткенін айта кетуге тиіспіз.
«Славия» ойыншылары қанша шабуылдағанмен біздің қақпа кілтін таба алмады. Тайлы тұяғымен жата-жастана қорғанған «Астана» осы есепті сақтап қалып, Еуропа лигасының плей офф кезеңіне шықты.
Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық командалардың ешбірі еурокубок бәсекелерінің плей офф кезеңіне шықпаған.
«Славия» (Прага, Чехия) — «Астана» (Астана, Қазақстан) 0:1 (0:1)
Гол: Аничич 40 (0:1)
Ескерту алғандар: Соболь 42, Стох 88, Нецид 90+5 — Мужиков 54, Эрич 78, Шитов 83
«Славия»: Лаштувка, Соболь, Югас, Данни, Змргал (Сикора 76), Нгадеу-Нгаджуи, Стох, Шкода (Нецид 17), Соучек, Фрыдрых, Ротань (ван Бурен 68)
«Астана»: Эрич, Шитов, Аничич, Мужиков (Малый 84), Граховац, Томасов (Муртазаев 68), Маевский, Твумаси (Деспотович 90+3), Логвиненко, Кабананга, Шомко