«Шахтердің» бапкері баспасөз-мәслихатына Зорроның костюмімен келді. Фото
Донецкілік «Шахтердің» бас бапкері Паулу Фонсека Чемпиондар лигасында «Манчестер Ситиді» жеңген соң баспасөз-мәслихатына Зорроның киімімен келді.
Естеріңізге сала кетсек, бір ай бұрын португалиялық маман журналистерге донецкілік клуб Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіне шықса, Зорро костюмін киемін деп уәде берген болатын.
«Бұл мансабымдағы ең көңілді баспасөз-мәслихаты. Бәрі күліп, мәз болып отыр... Мұндайды әлі көрмедім. Ойыншылар мені Зорро кейпінде көрді ме? Әлі көрмеді. Бұл қалжың әлі ұзақ есте сақталады деп сенемін», - деді Фонсека.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или