Футболшы емтихан үшін Чемпиондар лигасының матчынан қалып қойды

Футболшы емтихан үшін Чемпиондар лигасының матчынан қалып қойды

«Спартак» жастар командасының жетекті ойыншысы Михаил Игнатов жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасы аясында «Ливерпульмен» ойнаған жоқ.

Себебі жартылай қорғаушыны мектебі жібермей тастаған. 17 жастағы Михаил 6 желтоқсанда Бірыңғай мемлекеттік емтихан аясында шығарма жазуы керек екен. «Спартактың» өтінішіне қарамастан, футболшының емтиханы кейінге шегерілмеді.

Сондықтан, Игнатов командамен бірге Англияға ұшқан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или