Роман Муртазаев: Чехияға қыдыру үшін келген жоқпыз

Роман Муртазаев: Чехияға қыдыру үшін келген жоқпыз

«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы туры аясында сырт алаңда «Славия» (Прага) командасына қарсы кездесу өткізеді. Осы ойын алдында елордалық команда шабуылшысы Роман Муртазаев матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Ойынға барынша тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Ерекше ештеңе жоқ. Қарсылас команданың ойыннын толықтай талдап, зерттеп шықтық. Бұл ойынның қаншалықты маңызды екендігін барлық ойыншылар жақсы түсініп отыр. Сондықтан, ертеңгі кездесуде лайықты нәтижеге жету үшін барымызды саламыз.

- Соңғы айда команда екі ғана ойын өткізді. Осы жағдай ертеңгі матчта өзінің кері әсерін береді деп ойлайсыз ба?

- Әсері болуы мүмкін... Алайда, біз дәл қазір оған көңіл аударғымыз келмейді. Ертеңгі маңызды матчта барымызды салып, жеңіске жетуіміз қажет.

- Праганы аралап үлгердіңіз бе? Көңіліңізден шықты ма?

- Прага – өте әдемі қала. Алайда, біз Чехияға қыдыру үшін келген жоқпыз. Бізді ертең өте маңызды матч күтіп тұр. Бұл кездесу біз үшін ғана емес, еліміз үшін, жанкүйерлер үшін аса маңызды. Біз жоғары нәтижеге жету үшін барымызды саламыз!

- «Славия» командасы ертеңгі матчта қандай ойын көрсетеді деп ойлайсыз?

- «Славия» Еуропа Лигасына қойған жоспарын орындаған жоқ. Сондықтан, бұл команда өз жанкүйерлері үшін ойнап, жеңіске жетуге тырысатындары анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или