«Твумаси мен Кабанангаға қимылдауға мүмкіндік бермейміз»

«Твумаси мен Кабанангаға қимылдауға мүмкіндік бермейміз»
«Славия» футбол клубының бас бапкері Ярослав Щиглавы Еуропа лигасы аясында «Астанаға» қарсы өтетін матч алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

- Үш ойыншымыз жарақат алып, екеуі айықты. Ойынға кімдер шығатынын ертең шешеміз. 

- Чемпионаттағы жағдайларыңыз мәз емес, «Астананы» алға жібере салып ішкі біріншілікті ойлаған дұрыс емес пе сіздер үшін? 

- «Виктория» клубы күз мезгілінде жақсы нәтиже көрсетті. Құттықтаймыз, бірақ біз үшін бұл жақсы емес. Еуропалық жарыстарда біз жақсы ойнаймыз. ертең соны дәлелдегіміз келеді. 

- Қорғанысқа мән бересіздер ме, сіздерге тең нәтиже де жеткілікті ғой? 

- Тек қана тең нәтижені көздеу қателік болушы еді. Ертең жеңу мақсатымыз, сол үшін адуынды ойнаймыз. Бірақ ойынның соңына дейін тең бе тең болып тұрсақ мұқият боламыз. 

- Мигель Данни ертең алаңға шыға ма? 

- Мен оны құрамға қостым. 

- Патрик Твумаси мен Жуниор Кабанангадан қалай қорғанасыздар? 

- Оларды білеміз. Жылдам ойыншылар. Біздің жоспарымыз бар. Оларға еркін қимылдауға мүмкіндік бермейміз. Басқасын айтпай-ақ қояйын. 

Еске салайық, ертең «Астана» футбол клубы сырт алаңда «Славиямен» кездесіп Еуропа Лигасының 1/16 финалына жолдама үшін таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или