«Алтын доп» Эйфель мұнарасында тапсырылатын болды

«Алтын доп» Эйфель мұнарасында тапсырылатын болды

Әлемнің үздік ойыншысын салтанатты марапаттау рәсімі Париждегі Эйфель мұнарасында өтеді, деп хабарлайды Mundo Deportivo басылымы.

Марапатты мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду алады.

Сыйлықты тапсыру Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің <span>«</span>Реал<span>»</span> мен дортмундық <span>«</span>Боруссия<span>»</span> арасындағы матчтан кейін, 7 желтоқсанда өтеді. 

Криштиану Роналду «Алтын допты» бірнеше рет ұтқан болатын. Ол бұл марапатты 2008, 2014 және 2016 жылдары еншіледі.

Еске сала кетсек, «Алтын доп» сыйлығы 1956 жылдан бері тапсырылып келеді.

sport.inform.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или