Арно Пайперс Эстония чемпионы атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Арно Пайперс жаттықтыратын «Флора» ФК 10-шы рет Эстония чемпионы атанды.
Талиндік клуб 36-турдан соң 90 үпай жинап, үздік атанды. Екінші орындағы «Левадия» олардан алты ұпайға қалып қойған.
Айта кетейік, Арно Пайперс – қазақстандықтарға жақсы таныс бапкер. Ол 2005-2008 жылдар арасында Қазақстан ұлттық құрамасын баптаған болатын. Ал 2006 жылы «Астананың» бас бапкері болды. 2013-2014 жылдары «Тараздың» тізгінін ұстады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или