Кабананганың «Вильярреалға» соққан голы қарашадағы үздік гол атанды
Дәстүрге орай, әр айдың қорытындысы бойынша, «Астана» футбол клубының «Вконтакте» желісіндегі ресми тобында үздік голға дауыс беру жүрізіледі.
Қарашада 4000-нан астам жанкүйер Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы Испанияның «Вильярреалына» қарсы матчта Кабананганың алыстан бағыттаған дәл соққысына дауыс берді. Осы гол біздің рейтингімізден тыс, Еуропаның барлық ТОП-апталықтарына енді.
Жанкүйерлер Патрик Твумасидің израильдік «Маккаби Тель-Авив» командасына соққан голын екінші орынға лайық деп таныды. Сол гол шебер орындалуынан тыс, командаға Еуропа Лигасының 1/16 финалына шығу үшін күресу мүмкіндігін бергенімен де маңызды болды.
Қарашаның үздік голдары үштігін Твумасидің Еуропа Лигасындағы тағы бір голы – Астанада «Вильярреал» қақпасына тепкен күшті де дәл соққысы түгендеді.
ТОП-3 гол:
1. Кабананганың «Вильярреалға» соққан гол — 76,4%
2. Твумасидің «Маккабиге» соққан голы — 12,7%
3. Твумасидің «Вильярреалға» соққан голы — 7,5%
Дауыс беруге 5 828 адам қатысты.