Моуриньо: FA Гвардиоланы жазаламағанына таңқалмадым

Моуриньо: FA Гвардиоланы жазаламағанына таңқалмадым

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуриньо Англия футбол қауымдастығы (FA) «Манчестер Ситидің» бапкері Хосеп Гвардиоланы жазаламағанына таңқалмапты.

Премьер-лиганың 14-турында «Саутгемпотонға» қарсы матчта Гвардиола алаңға шығып, қонақтардың жартылай қорғаушысы Нейтан Редмондқа бір нәрсе айтқан болатын.

«Жоқ, таңқалмадым. Неге? Сіздер таңқалдым ба, жоқ па, соны сұрадыңыздар? Мен жоқ дедім. Ал екінші сұраққа жауап бере алмаймын. Егер менің достарым болсаңыздар, маған бұл сұрақты қоймаңыздаршы. Әйтпесе, кейін мен қиындыққа тап боламын», - деді Моуриньо.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или