Қайсар Бекенов «Астананың» плей-оффқа шығу мүмкіндігін бағалады

Қайсар Бекенов «Астананың» плей-оффқа шығу мүмкіндігін бағалады

"Астана" ФК-ның атқарушы директоры Қайсар Бекенов  Еуропа лигасының топтық кезеңінен клубтың шығатындығына үлкен сеніммен қарайды. 

"Топтан шығатын тамаша мүмкіндік туып отыр. Мұндай сәтті жіберіп алуға болмайды. Барлығы өз қолымызда. Біздің ойыншыларымыздың бойында плей-оффқа шығамыз деген үлкен сенім бар. Оны байқап жүрмін. Өйткені, алдыңғы маусымдарда Еуропадағы белгілі командалардың мысы басып тұратын. Қазір командада ондай қорқыныш жоқ. Прагада жеңіске жетіп, ел тарихындағы Еуропа лигасының топтық кезеңінен шыққан алғашқы клуб боламыз деген нетіміз бар", - деп сөзін қорытындылады Қайсар Бекенов. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или