Иран құрамасының бас бапкері әлем біріншілігінің финалына шығатынына сенімді

Иран құрамасының бас бапкері әлем біріншілігінің финалына шығатынына сенімді

Футболдан Иран құрамасының бас бапкері Карлуш Кейруш Ресейде өтетін 2018 жылғы әлем біріншілігінің топтық кезеңінің жеребе тартудың нәтижесі туралы пікірімен бөлісті. Жеребе нәтежесінде Иран құрамасы Испания, Португалия және Марокко құрамаларымен бір топқа түсті.

«Мен үшін бұл ерекше топ. Барлық топ Иран құрамасы үшін қиын болатыны айдан айқын. Испания және Португалия құрамаларына қарсы ойнаймыз. Бұдан жақсы жеребе болмас еді.

Жанкүйерлеріміз мақтан тұтатындай финалға шығуға тырысамыз. Бұл жерде мықтылардың мықтысымен ойнаймыз. Әлем біріншілігіне келіп, Шри-Ланкаға қарсы ойнауды армандауға болмайды», — дейді Карлуш Кейруш.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или