ӘЧ-ның жеребе тарту рәсімі: Тікелей трансляция

ӘЧ-ның жеребе тарту рәсімі: Тікелей трансляция

Бүгін Мәскеуде футболдан Ресейде өтетін Әлем чемпионатының топтық кезеңінің жеребесі тартылады.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған 32 команда өзінің топтық кезеңіндегі қарсыластарын білетін болады.

Жеребе тарту рәсімін Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Гари Линекер мен ресейліе тележүргізуші Мария Командная жүргізетін болады. Сондай-ақ жеребе тарту рәсіміне бұрынғы футбол жұлдыздары Лоран Блан, Гордон Бэнкс, Фабио Каннаваро, Кафу, Мирослав Клозе, Диего Марадона, Карлес Пуйоль, Никита Симонян және Диего Форлан қатысады.

Жарысқа қатысатын 32 команда төрттен сегіз топқа бөлінбек.

Жебербе алдында барлық командалар төрт себетке бөлінген. Бір топқа Еуропадан өзге құрлықтан тек бір команда ғана түсе алады. Ал Еуропадан бір топта екі команда ойнай алады.

Бірінші себет : Ресей, Германия, Бразилия, Португалия, Аргентина, Бельгия, Польша, Франция;

Екінші себет: Испания, Перу, Швейцария, Англия, Колумбия, Хорватия, Мексика, Уругвай;

Үшінші себет: Дания, Швеция, Исландия, Коста-Рика, Тунис, Мысыр, Сенегал, Иран;

Төртінші себет: Сербия, Нигерия, Жапония, Марокко, Панама, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Аустралия.

Жеребе тарты рәсімі Астана уақыты бойынша 21:00 басталады. Бұл айтулы шараны QazSport арнасы тікелей эфирден көрсетпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или