Антуан Гризман үшін қызу талас басталды

Антуан Гризман үшін қызу талас басталды

«Барселона» «Атлетико» мен Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманмен келіссөз жүргізіп жатқандығын бұған дейін хабарлағамыз.

Француздық ойыншымен бір командада ойнауға Месси де қарсы емес.

Каталондық клуб ойыншыға жылына 13 млн фунт төлеуге дайын. Алайда Антуан бұл сомадан көбірек айлық тапқысы келетін көрінеді. Ол өзінің жылдық жалақысы «Барселона» шабуылшысы Луис Суареспен(18 млн фунт) бірдей болғандығын қалайды.

Осы жағдайды жіті қадағалап отырған ағылшынның МЮ клубы шабуылшыні іліп кетуге әзір. Тіпті МЮ Гризманға «Барселона» клубы ұсынып отырған айлықтан екі есе көп төлеуге дайын екендігі хабарлануда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или