Торган Азар «Челсиге» оралуы мүмкін
«Челси» клубының басшылығы бельгиялық ойыншы Торган Азарды командаға қайтаруды жоспарлауда. Бұл туралы Bild хабарлайды.
Торганның қазіргі көрсетіп жүрген ойыны лондондық команда басшылығына қатты ұнаса керек. Олар 24 жасар ойыншыны алдағы жылдың жазында қайтарып алуды жоспарлауда.
Биылғы маусымда Торган Азар «Боруссия» үшін өткізген 15 ойында 6 гол соғып 6 голдық пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или