Бүгін футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады

Бүгін футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады

Ресей әлем чемпионатының жеребе тарту рәсіміне соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Бүгін Мәскеудегі Кремль сарайында 32 құрама сегіз топқа бөлінеді. Жалпы, әлем чемпионатында 64 матч ойналады. Жеребе тартуға әлем футболының жұлдыздары келді. 2014 жылғы біріншіліктің жеңімпазы Мирослав Клозе алтын кубокты сахнаға алып шығады. Ағылшын футболының өкілі Гари Линекер жеребе тарту рәсімін жүргізеді.

Лоран Блан, Гордон Бэнкс, Кафу, Фабио Каннаваро, Марадона, Диего Форлан, Карлес Пуйоль және Никита Симонян секілді ардагерлер де іс-шараға атсалысады. Дүниежүзілік чемпионатқа қатысатын 30 құраманың да бас бапкерлері Мәскеудегі салтанатты жиынды тамашалайды. Тек Уругвай мен Австралияның жаттықтырушылары жоқ. Жалпы жеребе тарту рәсіміне 1400 қонақ келеді. Сонымен қатар мың жарым тілші жер-жаһанға хабар таратады.

Крис Унгер, FIFA ұйымдастыру департаментінің жетекшісі:

- Мен осымен үшінші әлем чемпионатының жеребе тарту рәсіміне қатысқалы отырмын. Бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасы мен Бразилиядағы біріншіліктерде болдым. Мұнда бәрі әділ өтеді. Кез келген адам сахнаға шығып, шарларды тексеріп көрсе болады. Олардың көлемдері бірдей, тек түстерінде ғана өзгешелік бар.

Диего Форлан, уругвайлық футболшы:

- Оңтүстікамерикалық құрамалар мықты деп ойлаймын. Басқа құрлықтарға қарағанда Латын Америкасындағы іріктеу турнирінен озып шығу өте қиын. Өзім де осы жарыста ойнадым. Сондықтан бұл командалардың қарымын білемін. Бұл жолы да өткен әлем чемпионатындағы жағдай қайталануы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или