«Астана» футболшылары аз қамтылған 30 балаға қысқы киім сыйға тартты 

«Астана» футболшылары аз қамтылған 30 балаға қысқы киім сыйға тартты 

«Астана» футбол клубының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Өнеркәсіп ауылында орналасқан екі мектептің оқушылырын мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. 

<span>«Астана» командасының әріптестері – «Жан Досым» қайырымдылық қоры елордалық команда өкілдеріне № 57 және 13 мектептерінде оқитын көпбалалы және аз қамтылған 30 баланың тізімін берген болатын. </span>

<span>Ал Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары өз кезегінде осы бүлдіршіндерге қысқы күртелер мен жылы аяқ киімдерді өз қаражаттарына сатып алып, арнайы сыйлық жасады. Алайда, ойыншылар мен бапкерлер құрамы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы туры аясындағы «Славияға» қарсы матчқа дайындалу мақсатында бүгінгі іс-шараға қатыса алмағандықтан, балаларға сыйлықты елордалық команданың атқарушы директоры Қайсар Бекенов табыс етті: </span>

<span>- Біз «Астана» футбол клубының атынан бүгін сендермен, қаламыздың 13-ші және 57-ші мектептерінің оқушыларымен кездескенімізге аса қуаныштымыз! Қысқа уақыт ішінде достасып, бірқатар шараларды бірге атқардық! Біз өткізген шеберлік сабақтары, талисманымыз Барыс, сендермен бірге ашық дене шынықтыру сабақтарында жаттығу өткізген футболшыларымыз, естеріңде ұзақ сақталады деген ойдамыз. Біз сіздермен әріптестеріміз «Жан Досым» қайырымдылық қорының арқасында байланыс орнаттық. Өздерің білетіндей, «Астана» футбол клубы Қазақстан чемпионы болды, қазір команда жылдың соңғы, бәлкім, ең маңызды ойынына қызу дайындық үстінде. Біз УЕФА Еуропа Лигасының көктемгі кезеңіне жолдама алу үшін күресеміз. Дайындық Қазақстанда өтіп жатқан жоқ, қазір футболшылар мен бапкерлер Чехияда. Сонау Еуропадан сендерге жалынды сәлем жолдап, сыйлықтарын жіберді. Ал біз өз кезегімізде сіздерді «Астана» футбол клубының атынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Елбасы жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөліп келе жатыр. Осы орайда, біздің міндетіміз - мемлекеттің әлеуметтік саясатының іске асырылуына барлық жағынан үлес қосу, оған мұқтаж жандарға барынша көмек көрсету. Біз бұл шараны екінші рет өткізіп отырмыз, ал алдағы уақытта тағы да қолдан келгенше көмегімізді аямайтын боламыз! </span>

<span>Аталған сыйлықтардан бөлек, «Астана» футбол клубы балаларға арнайы түскі ас дайындап, тәтті тағамнан дәм татқызды. Түскі астан кейін бүлдіршіндер, «Балдаурен» ойын-сауық орталығында тегін ойнып, көңіл көтерді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или