Кабананга рекорд орнатты

Кабананга рекорд орнатты

«Астананың» шабуылшысы Джуниор Кабананга Қазақстан Премьер-лигасының бір маусымында соғылған голдар саны бойынша клуб рекордын қойды.

Биылғы маусымда ел біріншілігінде конголық форвард 19 гол соққан. Бұл чемпионат аясында клубтың рекорды саналады.

Бұған дейінгі ең жоғарғы көрсеткіш Фокси Кетевоамада болған. Ол 2014 жылы 16 гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергені атанған еді.

Бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында Патрик Твумаси тұр. Ол биыл чемпионатта 13 рет қанжығасын майлаған.

Төртінші орынды Андрей Тихонов пен Драган Богавац бөліп тұр – 12. Олар, тиісінше, 2009 және 2011 жылдары осынша гол соқты.

Айта кетейік, бұл тізімге енген сұрмергендердің бәрі де легионер саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или