Ганалық БАҚ: «Штутгарттың» трансфердегі басты мақсаты – Твумаси

Ганалық БАҚ: «Штутгарттың» трансфердегі басты мақсаты – Твумаси

Ганалық KickGh.com басылымының ақпаратына сүйенсек, германиялық «Штутгарт» «Астананың» шабуылшысы Патрик Твумасиді сатып алмақ.

«23 жастағы «Астана» мен Гана құрамасының форварды Патрик Твумаси «Штутгарттың» қысқы трансфердегі басты мақсатына айналды. Неміс клубының скауттары Твумасиді Қазақстан чемпионаты мен Еуропа лигасының матчтарында бақылады», - деп жазды басылым.

Айта кетейік, Твумасиді «Штутгарт» қана емес, шотландиялық «Селтик» пен түркиялық «Бурсаспор» сатып алмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или