Киокушинкай шеберлері Еуропа кубогынан олжалы оралды

 Киокушинкай шеберлері Еуропа кубогынан олжалы оралды

Бухарест қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы бәсекеге 500-ден астам спортшы қатысқан.

<span>Астаналық Бекарыс Сұрағанбек пен өскемендік Диас Костубаев қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. </span>

<span>Бұған қоса ұлттық құрама қоржынында 1 күміс пен 4 қола жүлде бар. Айта кетейік, киокушинкай каратэ федерациясының шәкірттері биыл 5 құрлықтық және әлемдік чемпионатқа қатысып, айтарлықтай жетістікке жетті. Соның арқасында ұлттық құрама әлемдік рейтингтің үздік үштігіне кіріп отыр.</span><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или