Маурицио Сарри - Италияның үздік бапкері

Маурицио Сарри - Италияның үздік бапкері

Италияда жылдың үздік футболшыларын анықтау үшін Gran Gala del Calcio марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Football Italia порталы хабарлайды. 

Қорытынды бойынша, «Ювентустың» қақпашысы Джанлуиджи Буффон үздік футболшы атанды. Сонымен қатар ол 2017 жылдың үздік қақпашысы атанды.  Үздік команда атағы Италияның А сериясын қатарынан алтыншы рет жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шыққан «Ювентус» командасына берілді. Үздік бапкер атағы «Наполидің» тізгінін ұстап жүрген Маурицио Сарриге бұйырды.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или