Буффон Италияның үздік ойыншысы атанды

Буффон Италияның үздік ойыншысы атанды

«Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффон Италияның үздік ойыншысына берілетін марапаттың иесі атанды.

Ал өткен маусымның үздік бапкері атағы <span>«Наполи» тізгінін ұстаған Маурицио Сарриға бұйырды. Жылдың үздік командасы атағына «Ювентус» клубы лайықты деп танылды. </span>

Сондай-ақ жылдың символикалық құрамы белгілі болды:Буффон, Дани Алвес («Ювентус», қазір - ПСЖ), Леонардо Бонуччи («Ювентус», қазір - «Милан»), Калиду Кулибали («Наполи»), Алекс Сандро («Ювентус»), Раджа Наингголан («Рома»), Миралем Пьянич («Ювентус»), Марек Гамшик, Дрис Мертенс (екеуі де «Наполи»), Гонсало Игуаин, Пауло Дибала (екеуі де «Ювентус»).

Естеріңізге салсақ, Буффон ФИФА таңдауы бойынша <span>2017-жылдың үздік қақпашысы атанған болатын. </span><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или