Қазақстандық садақшылар Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық садақшылар Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық садақшылар Диана Макарчук пен Ақбарәлі Қарабаев садақ атудан Бангладеште өтіп жатқан Азия Чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Спортшылар компаунд микс дисциплинасында өнер көрсетті. Қола медаль үшін болған кездесуде олар Қытайдың Тайпейінен келген Чжен Ли Джу мен Пан Ю Пингтен 155-151 есебімен басым түсті.

Естеріңізге салайық, Садақ атудан 20-шы Азия Чемпионаты 24 қарашада басталды. Қазақстандық команданың құрамында Айбек Сайдиев, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Сұлтан Дүзелбаев сынды спортшыларымыз бар. Ертең 29 қарашада жеке өнер көрсетулер бастауын алады. Жарыс 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или