Бір атаның балалары футбол ойнайды
«Бір атаның балалары футбол ойнайды» додасы биыл 9-10 желтоқсан күндері Алматыда өтеді.
Отбасылық доп додасы биыл Алматыдағы ҚазҰУ спортзалында өтеді.
Қазір қатысушылардан өтініш қабылданып жатыр. Доп додасына қатысу үшін өтінішті электронды пошта арқылы жіберуге болады (nessport@mail.ru).
Ал дәрігер рұқсат берген мөрі бар өтініштің түпнұсқасын әр команда өзімен ала келуі керек екен. Жарна - 20 000 теңге.
Осыған орай 8 желтоқсан күні сағат 17:00-де биылғы дода өтетін спортзалда жеребе тартылып, ресми түрде тіркеу рәсімі өтеді. Оған әр команданың өкілі міндетті түрде қатысуы керек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или