Алматыда «Жаса Отаным-2017» турнирі басталды
«Достық» спорт кешенінде көркем гимнастикадан екінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Жаса Отаным-2017» чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Турнирде Қазақстанның бірнеше қалаларынан және шет елдерден келген 1000-нан астам спортшы бақ сынауда.
Чемпионаттың ашылу салтанатына Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, арнайы қонақ болып келген танымал гимнастшы Яна Кудрявцева және де көптеген ұйымдастырушылар қатысып өз тілектерін білдірді.
- Бүгін бізде үлкен қуаныш. Біздің қаламызда көркем гимнастика жалпы гимастиканы дамыту үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Осы турнирге көптеген спортшылар қатысып отыр. Өте қуаныштымыз. Өзге елдерден келген қатысушыларға және де ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Біз әрқашанда осы спорт түрін қолдаймыз, алдағы уақытта өз чемпиондарымызды көреміз деген үміттемін, - деді Әбіл Дөңбаев.
Өз кезегінде, танымал Ресей спортшысы, Олимпиада жүлдегері, көптеген xалықаралық жарыстардың жеңімпазы Яна Кудрявцева арнайы қонақ ретінде шақырылғанына алғыс білдіріп, ізгі тілектерін білдірді.
Бұл жарысқа Қытай, Қырғызстан және Қазақстанның қалаларынан келген 3 жастан бастап 16 жасқа дейінгі қыздар өнер көрсетуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, диплом және медалдар жиынтығы табысталады.
- Бұл чемпионатты өткізуді біз 2013-ші жылы өзіміздің көркем гимнастика мектебін ашқан кезде жоспарлағанбыз, - дейді ұйымдастырушы Мадина Уркумбаева. Біз үшін бұл өте айтулы шара. Алғашқы рет былтыр өткізген болатынбыз. Міне қатысушылардың саны көбейіп келеді. Көркем гимнастика елімізде қарқынды дамып келеді.
Соынмен қатар, ашылу салтанаты кезінде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, флешмоб биледі.Жарыс ертең аяқталады.
Айта кетер жайт, карашаның 27-сі күні, «Достық» спорт кешенінде Яна Кудрявцеваның қатысуымен шеберлік сабақ өтеді.