«Селтик» Твумасиге қызығушылық танытып отыр

«Селтик» Твумасиге қызығушылық танытып отыр

<span>Елордалық «Астана» клубының шабуылшысы Патрик Твумасиге шотландиялық «Селтик» клубы қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы hitc.com порталы мәлімдеді.</span>

<span>23 жастағы шабуылшыны «Селтик» клубының құрамды күшейту үшін алмақ.  </span><span>Айта кетейік, Патрик Твумаси 2013 жылы ауысып келген болатын. Сол маусымда ол елордалық клуб сапында 11 ойын өткізіп, 6 гол соқты. 2014 жылдың бірінші бөлігін Ресейдің «Амкар» клубында өткізіп, маусымның ортасында «Астана» сапына қайта оралған.</span>

<span>Өткен аптада шабуылшы «Астана» клубымен келісімшартын 2019 жылғы маусымның соңына дейін созған еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или