ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай «Тараз» клубының ашық есік күнін өткізді
<span>ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай «Тараз» кəсіби футбол клубының ұжымы ашық есік күнін өткізді. </span>
<span>Онда Жамбыл футболының ардагерлері мен ата - аналар, жанкүйерлер жиналды. Кездесуде клуб қызметкерлері ақпараттық стент арқылы "Тараз" футбол клубының тарихымен жəне жетістіктері мен қазіргі жағдайы жөнінде мəлімет берді. </span>
<span>Сонымен қатар, қонақтарға орталық стадионның матералдық- техникалық жағдайы таныстырылды. Атап айтқанда футболшылардың шешінетін бөлмесі, төрешілер бөлмесі мен өзге де жабдықтар көрсетілді. Орталық стадион соңғы жылдары барлық талапқа сай құрал- жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр екен, осының барлығы да Елбасы саясатының арқасы, президентіміз спортты барынша қолдап, бүгінде барлық облыста осы сала дамып келеді деді ардагерлер. </span>
<span>Жиын соңында қонақтарға клуб басшылығы атынан спорттық киімдер табыс етілді. ҚР Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған іс - шара соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсті</span>