Қазақстан әйелдер құрамасы сырт алаңда Уэльске есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамасы сырт алаңда Уэльске есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамасы сырт алаңда Уэльс командасымен кездесті.

Уэльспен болған матч Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтті. Кардифф қаласындағы тартысты ойын Уэльс құрамасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жақсы қорғана білген Қазақстан командасының қақпасына гол тек 84-ші минутта ғана соғылды. Оның авторы - Хэйли Лэдд.

- Өте жақсы ойнадық. Тартыс алаңның әр бөлігінде болды, - деді ҚФФ баспасөз-қызметіне сұхбат берген Қазақстан құрамасының қорғаушысы Екатерина Красюкова. – Өте тартысты матч болды. Қатты шаршап, соңына қарай гол өткізіп алдық. Көп күш жұмсап, жеңіске жетпей, жанкүйерді қуанта алмағанымыз өкінішті.

- Уэльс құрамасын қалай ұтпақ едіңіздер?

- Біздің жоспар қорғаныстан шабуылға тез шығып, стандартты жағдайларды тиімді пайдалануға құрылды. Ауа-райы да өнша болмады. Газон мен доп су болып, кез келген жағдайда гол кіріп кетуі мүмкін еді. Оны да пайдаланып көрдік... Мүмкіндіктер болды, бірақ дұрыс пайдалана алмадық... Өте өкінішті...

- Енді сейсенбі күні тағы сырт алаңда Англия құрамасына қарсы қиын ойын күтіп тұр...

- Бұл команданың шеберлік деңгейін өте жоғары екенін түсінеміз, дегенмен бар күшімізді салып ойнаймыз. Мұндай даңқты қарсыласпен ойнау әрқашан қиын. Сондықтан тек қорғаныста емес, шабуылда да бар мүмкіндігімізді көрсетеміз.

Әйелдер арасындағы 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчы. 1-ші топ

Уэльс – Қазақстан 1:0 (0:0)

Гол: Лэдд, 83

Ескерту: Қырғызбаева 61, Железняк 62, Вылданова 71, Демидова 83

Уэльс: О'Салливан, Дайкс (Уорд, 61), Ингл, Робертс, Хардинг, Джеймс (Чиверс, 78 ), Грин (Лоуренс 45), Фишлок, Роув, Лэдд, Гриффитс;

Қазақстан: Железняк, Гайстенова (Власова, 90), Нұрышева, Ходжашева (Демидова, 65), Қырғызбаева, Красюкова, Вылданова, Кәрібаева (Тұрлыбекова, 82),  Бортникова, Бабшук, Жұмабайқызы;

Төреші: Симона Гизлетта (Швейцария)

Кардифф. «Кардифф Сити» стадионы. 24.11.2017

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или