Қазақстан U-17 және U-19 қыздар құрамасының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстан U-17 және U-19 қыздар құрамасының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Бүгін УЕФА штаб-пәтерінде 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Бұл шараға кезінде Эстония футбол одағының Бас хатшысы, ал қазір УЕФА-ның әйелдер футболы комитетінің басшысы Анне Рей қатысып, біздің құрамаларға қарсылас таңдауға көмектесті.

Жеребе нәтижесінде 17 жасқа дейінгі құрамамыз 9-шы іріктеу тобына түсіп, Солтүстік Ирландия, Грекия және Швейцария командаларымен күш сынасады.

- Біздің топтағы командалардың деңгейі бірдей деуге болады, - дейді Қазақстан U-17 құрамасының бапкері Орынбасар Дәуренбекова. – Бұрын британия аралдарының Солтүстік Ирландия сияқты командалары физикалық күшті көп қолданып, футболшылардың техникасы онша емес саналатын. Ал Грекия мен Швейцария, керісінше, әдемі ойнауға тырысатын. Қазіргі кезде Еуропаның барлық командалы дерлік осал тұстарын жөндеп, ойын деңгейін көтере білді. Сондықтан бізді жақсы дайындалған, өте мықты қарсыластар күтіп тұр. Бірақ біз де осал емеспіз, ешкімнен қаймықпаймыз. Әр ойынға барынша дайындалып, әр ұпай үшін күресеміз.

19 жасқа дейінгі құрамаға тоқталсақ, жеребе бойынша олар 3-ші іріктеу тобында бақ сынап, Израиль, Словения және Швеция құрамаларымен кездеседі.

- Еуропа Қазақстанның командалары өзінің мінезімен танымал десем қателеспеймін, - дейді еліміздің U-19 құрамасының бапкері Петр Пак. –Біз әр матчта бар күш-жігерімізді салып ойнап, жанкүйерлерді қуанту үшін бәрін істейміз. Қарсыластарға келсек, Словения мен Швеция ырғақты, шапшаң және шабуылға бағытталған футбол ойнайды. Бұл командалардағы ойыншылардың бойлары ұзын әрі олар өте мықты. Израиль футболшыларының комбинациялық ойыны жаман емес және әр ойыншысының шеберлігі жоғары деңгейде. Біз тактика мен стратегиямызды жөндеп, физикалық тұрғыдан көп жұмыс істеуіміз керек. Біздің қарсыластар жоғары жалдамдықта ойнап, бізді қыспаққа алуға тырысады.

Жеребе тарту рәсіміне Анне Реймен бірге Норвегия (U-17) құрамасының капитаны Рикке Нюгор және Солтүстік Ирландия (U-19) құрамасының капитаны Эмма Макмастер қатысты. Еске сала кетейік, бұл екі ойыншы өткен Еуропа чемпионатаның финалдық кезеңінде күш сынаған. Осыған қоса олардың құрамалары құрметті «Фэйр Плей» жүлдесін иеленді.

Қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының (U-17) жеребе тарту рәсімінің қорытындысы:

 

1-ші топ: Чехия, Дания, Украина, Фарер аралдары

 

2-ші топ: Норвегия, Ресей, Хорватия, Израиль

 

3-ші топ: Италия, Финляндия, Румыния, Черногория

 

4-ші топ: Шотландия, Польша, Словакия, Литва

 

5-ші топ: Англия, Исландия, Әзірбайжан, Молдова

 

6-шы топ: Бельгия, Португалия, Түркия, Андорра

 

7-ші топ: Ирландия, Сербия, Уэльс, Албания

 

8-ші топ: Австрия, Беларусь, Словения, Эстония

 

9-шы топ: Швейцария, Грекия, Солтүстік Ирландия, Қазақстан

 

10-шы топ: Франция, Венгрия, Босния және Герцеговина, Македония

 

11-ші топ: Нидерланд, Швеция, Латвия, Грузия

 

 

 

Қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының (U-19) жеребе тарту рәсімінің қорытындысы:

 

1-ші топ: Англия, Словакия, Хорватия, Мальта

 

2-ші топ: Швейцария, Түркия, Әзірбайжан, Кипр

 

3-ші топ: Швеция, Словения, Израиль, Қазақстан

 

4-ші топ: Норвегия, Чехия, Босния және Герцеговина, Грузия

 

5-ші топ: Финляндия, Венгрия, Молдова, Македония

 

6-шы топ: Дания, Сербия, Грекия, Лихтенштейн

 

7-ші топ: Ресей, Австрия, Черногория, Латвия

 

8-ші топ: Ирландия, Украина, Фарер аралдары, Литва

 

9-шы топ: Германия, Солтүстік Ирландия, Эстония, Косово

 

10-шы топ: Нидерланд, Польша, Беларусь, Албания

 

11-ші топ: Италия, Португалия, Румыния, Болгария

 

12-ші топ: Бельгия, Исландия, Уэльс, Армения

 

Өз топтарында 1-ші және 2-ші орын алған және 3-ші орын алған үздік екі команда (1-ші және 2-ші орын алған командаларға қарсы ойналған кездесулер қорытындысы бойынша) Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или