«Вильярреал» «Астанамен» ойын және елордамыз туралы видео жариялады
Испанияның «Вильярреал» командасы шағын видео жасап, онда Қазақстан астанасының көрікті жерлерін және «Астанамен» ойынның маңызды сәттерін көрсетті. Бұл туралы Baq.kz жазды.
Видео команданың ұшақпен Қазақстанға сапар шеккен сәтінен басталады. Астанаға келіп қону көрсетілген соң, роликтен команда мүшелерінің қаланы аралағанын біле аламыз.
Қонақтар Бәйтеректің үстінде, Әзірет Сұлтан мешіті жанында және басқа да жерлерде суретке түскен, түнгі Астанада қыдырған, қармен атысып ойнаған.
«Сары сүңгуір қайықтың» Астана сапарының ең әдемі сәттерін тамашалаңыз» делінген видеода.
Еуропа лигасы А тобының бесінші турында «Вильярреал» «Астананы» 2:3 есебімен ұтып, бірінші орыннан 1/16 кезеңге шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или