Шетелдік БАҚ Кабананганың голына таңдай қақты. Видео
Шетелдік БАҚ «Астана» шабуылшысы Жуниор Кабананганың Еуропа лигасында «Вильярреал» қақпасына соққан голын мақтады.
«Кабананга бесінші турдың алғашқы және үздік голдарының бірін соқты. Ол алыстан «Вильярреал» қақпасына дәл соққы жасап, есепті 1:0 қылды. Одан артық гол көрсеңіз жолыңыздың болғаны! Алайда артынша «Вильярреал» есепті теңестіріп, кейін жеңіске жетті», - деп жазды Talkingbaws.com сайты.
Айта кетейік, «Астана» «Вильярреалдан» жеңіліп қалса да, топтан шығуға мүмкіндігін сақтап тұр. Ол үшін елордалық клубқа сырт алаңда чехиялық «Славанияны» ұту қажет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или