Волейболдан БИЛ оқушылары арасында республикалық турнир басталды

Волейболдан БИЛ оқушылары арасында республикалық турнир басталды

Алматыда «Білім инновация» лицейлерінің оқушылары арасында волейболдан республикалық турнир басталды. Оған Қазақстанның әр аймағынан келген қыздардан құралған 11 команда қатысып отыр.

<span>«Білім инновация» Халықаралық қорының қолдауымен биыл үшінші рет өтіп отырған спорттық шараның мақсаты – балалар мен олардың ата-аналарын спортпен шұғылдануға шақыру. Келесі жылы қаңтар айында Астанада тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисінен жарыстар өткізу жоспарланған. Ал мамыр айында ер балалар арасында әскери-спорттық ойындардан жарыс өтеді. Айта кетейік, еліміздегі қазақ-түрік лицейлері «Білім-инновация» лицейі болып өзгертілген болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или