«Қайрат» Плотниковпен жаңа келісімге келді

«Қайрат» Плотниковпен жаңа келісімге келді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы қақпашы Владимир Плотниковпен келісімді ұзартты.

Жаңа келісім бойынша Владимир командада 2020-жылдың желтоқсанына дейін өнер көрсетеді.

Владимир Плотников «Қайрат» футбол клубы қатарында төрт маусымда 108 ойынға қатысқан.

— Командамен келісімді ұзартқаныма қуаныштымын. Клуб басшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Клуб үшін қолымнан келгенді аянып қалмаймын. Алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Жақын арада сол мақсаттарға жететінімізге сенімдімін. Барлық турнирлерде бірінші болып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту алға қойған мақсатымыз. Болашаққа үлкен сеніммен қараймын, - деді Плотников.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или