Юрий Перцух «Астанаға» ауысты
Қазақстан жастар құрамасы мен «Ақжайықтың» жартылай қорғаушысы Юрий Перцух төрт дүркін ел чемпионы «Астанаға» ауысты.
Юрий алматылық ЦСКА футбол клубының түлегі. Кәсіпқой футболдағы алғашқы ойынын 17 жасында өткізген. ЦСКА клубынан өзге бірінші лигада «Бәйтерек» және «Қызыл-Жар» клубында ойнаған.
2017-жылы Перцух Қазақстан премьер лигасындағы алғашқы ойынын «Ақжайық» қатарында өткізді. Биылғы маусымда оралдық командамен 26 ойынға қатысып 2 гол 3 голдық пасымен көзге түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или