«Астана» Чехияда оқу жаттығу жиынын өткізеді
Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы «Вильярреалмен» (2:3) болған ойыннан соң «Астана» ойыншыларының бәрі өз үйіне тарап кетті. Бұл туралы елордалық команданың ресми сайты хабарлады.
Қысқа мерзімді үзілістен соң елордалық команда 29-қарашада Чехияда бас қосады. Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойын дәл осы Чехияның «Славия» клубына қарсы өтеді.
Қос команда арасындағы ойын 7-желтоқсанда өтпек. Жеңіске жеткен команда топтан шығады. Тең нәтиже «Славияға» қол болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или