«Бавария» - Суперкубок иегері

УЕФА-ның супер кубогы үшін өрбіген финалдық матчта «Бавария» «Челсиді» ұтты.

Ойын барысында «Бавария» допқа көбірек иелік етті, ал «көктер» қарымта шабуылдармен жауап беруге тырысты. Бірінші шабуыл голмен аяқталды. Шюррленің пасынан Торрес есепті ашты. Гвардиола шәкірттері әдемі комбинациялар жасап қарсыластарды шыр айналдырды. Қос команданаың да гол соғарлық мүмкіндіктері болған, алайда «Челсиге» дәлдік жетіспесе, «қызылдарға» Чех кедергі болды.

Үзілістен кейін бавариялықтар таразы басын теңестірді - Кроостың пасынан Рибери жойқын соққымен көзге түсті. Ұйқыдан оянған ағылшындар алға ұмтылғандай еді, негізгі уақыт аяқталарда Рамирес Гетцеге қарсы ойын ережесін бұзған үшін алаңнан қуылды. 90 минутта жеңімпазды анықтай алмаған қос тарапқа қосымша уақыт қажет болды.

Ақсүйектер сәл демалып алған соң Азардың арқасында алға шығып жеңіс тойын тойламақ еді. «Бавария» соңғы 120-шы минутта есепті қайта теңестірді. Гол авторы - Мартинес. Пенальти сериясында немістер мықтырақ көрінді. Лукаку Нойерге гол соға алмады.

УЕФА Суперкубогі. Финал.

«Бавария»-«Челси» - 1:1 (1:0), 2:2 (1:2), 5:4 (пенальти бойынша)

Голдар: Рибери 48, Мартинес 120 - Торрес 9, Азар 92

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или