«Астана» «Вильярреалдан» ұтылды

«Астана»  «Вильярреалдан» ұтылды

Елордалық «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында «Вильярреал» командасын қабылдап, жеңіліс тапты.

«Астана Аренада» өткен ойында есепті елордалық команда ашқан. Жеке шеберлігінің арқасында өз командасын есепте алға шығарған Жуниор Кабананга болатын. Алайда «Вильярреал» командасы бірінші таймның өзінде есепті теңестіре алды. Қонақ команданың ойыншысы Раба тепкен допқа «Астана» қақпашысы да қорғаушылары да тосқауыл бола алмады. Екі команда бірінші таймды 1-1 есебімен қортындылады.

Ал екінші таймның орта тұсына қарай ойынға жаңадан қосылған Бакамбу «Вильярреал» командасын есепте алға шығарды. Бұл ойынның 65-минуты болатын. Қақпаларына гол жіберіп алған «Астана» есепті теңестіру мақсатында алға ұмтылды. Алайда Стойлов шәкірттері діттеген мақсаттарына жете алмады. Керсінше Бакамбу дубл авторы атанып, есепті 1-3 жеткізді. Кездесу аяқталуға бірнеше минут қалғанда Твумаси бір гол соғып есепті қысқартқанымен, елордалық команда жеңілістен қашып құтыла алмады. Қортынды есеп 2-3. 

Бүгінгі жеңіліске қарамастан «Астана» командасында топтан шығатын мүмкіндік бар. Елордалық ұжым топтағы соңғы ойынын сырт алаңда «Славия» командасына қарсы өткізеді

«Астана» – «Вильярреал» – 2:3 (1:1)

Голдар: Кабананга 22, Твумаси 88 - Раба 39, Бакамбу 65, Бакамбу 83.

«Астана»: Ерич, Аничич, Постников, Логвиненко (Деспотович 82), Бейсебеков (Граховац 68), Мужиков (Томасов 71), Маевский, Шитов, Шомко, Кабананга, Твумаси.

«Вильярреал»: Барбоса, Бонера, Марин, Рукавина, Руис, Форнальс (Бакамбу 60), Эрнандес, Тригерос, Раба (Герра 77), Сансоне, Бакка (Сориано 67).

Ескерту алғандар: Шомко 43, Марин 63, Маевский 70, Сансоне 76, Граховац 90+3, Кабананга 90+5.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или