Асхат Тағыберген: Өз алаңымыздағы жеңіліссіз серияны жалғастырғымыз келеді
Бүгін елорданың «Астана» командасы өз алаңында өте маңызды ойын өткізеді.
«Астана Аренада» Қазақстанның ең мықты мықты клубы мен Испанияның «Вильярреал» командасы кездеседі. Кездесу Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында өтеді. «А» тобындағы жағдай шиеленісіп, тартысты болып тұр. Бірақ егер бүгін еліміздің командасы жеңіске жетіп, ал Праганың «Славиясы» ұпай жоғалтса, «Астана» бір тур бұрын плей-офф кезеңіне шығады. Чехияның командасы сырт алаңда Тель-Авивтің «Маккаби» клубымен ойнайды. Бұл тарихи матчқа Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылары да қатысады.
- Бұл матчқа бар күшімізді салып дайындалып жатырмыз, - дейді «Астана» клубы мен Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген. – Біздің алдымызда қиын міндет тұр. Қарсыласымыз өте мықты. Өз алаңымыздағы жеңіліссіз келе жатқан серияны жалғастырғымыз келеді. Алайда Испанияның мықты командасымен күш сынасу оңай болмайтыны анық. Олар бекер топ көшбасшысы болып тұрған жоқ. Десе де кішкентай болса да үміт бар. Бастысы – мүмкіндікті жібермеу. Бұл тек «Астана» үшін ғана емес, жалпы Қазақстан футболы үшін өте маңызды ойын екені түсінікті. Жанкүйерлеріміздің де зор қолдауына сенеміз. Олардың қолдауы бізді әрқашан жігерлендіріп, алға жетелейді.