Боранбаев УЕФА Балалар қорының мүшесі атанды
УЕФА президенті Александер Чеферин Балалар қорының жаңа президенті атанды. Басшылық құрамына Қайрат Боранбаев пен Кевин Лямур енді.
Қордың басты мақсаты – балаларға көмектесу және олардың құқығын қорғау. Чеферин кеңес құрамына енген үш мүшенің бірі. Сондай-ақ, қордың басшылығына «Қайрат» ФК басшысы, Қазақстан Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев пен УЕФА Президенті әкімшілігінің басшысы Кевин Лямур енді.
«Бұл мен үшін үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік. Балалар – өмірде бар нәрселердің ең маңыздысы. Олар – біздің болашағымыз. Сол болашақтың қалай болары біздің қолдауымызға байланысты», - деді Боранбаев.
Жиналыстың қорытындысы бойынша, УЕФА Балалар қоры алты құрлықта 107 жобаға қаржы құятын болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или