«Челси» «Карабах» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты
Чемпиондар лигасының 5-ші турында лондондық «Челси» Әзірбайжанда «Карабахпен» кездесті.
Англия чемпиондары алаң иелерін сенімді ұтты. Алдымен Эдин Азар пенальтиден көзге түсті. Үзіліске дейін Виллиан «ақсүйектердің» басымдығын ұлғайтты.
Матчтың 71-минутында бас төреші «Карабах» қақпасына тағы бір пенальти белгіледі. Бұл жолы нүктеге Сеск Фабрегас келіп, дәл соққы жасады – 3:0. Ал матчтың нүктесі 85-ші минутта қойылды. Виллиан дубль авторы атанып, командасының төртінші голын соқты. Қорытынды есеп – 4:0.
Осылайша, «Челси» 10 ұпаймен топта көш бастады. Ал соңғы орындағы «Карабахта» 2 ұпай бар. Бұл топтағы «Атлетико» - «Рома» матчы ойналған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или