Эрнесто Вальверде: «Ювентусқа» қарсы ойында қарап қалмаспыз

Эрнесто Вальверде: «Ювентусқа» қарсы ойында қарап қалмаспыз

Чемпиондар лигасының 5-ші турында жанкүйерлер назары «Ювентус» пен «Барселона» арасындағы ойынға ауады. Бұл туралы 24.kz жазды.

Туриндіктер Каталония командасынан үш ұпайға қалып келеді. Егер «Барселона» жеңіске жетсе немесе тең ойнаса, плей-оффқа жолдама алады. Ал «Ювентус» ұтылып қалса, «Спортинг» қуып жетуі мүмкін. Сондықтан Аллегри шәкірттері жеңіске ұмтылады.  

- «Ювентустың» ең үздік ойынын көреміз деп ойлаймын. Туриндіктер өз алаңында қауіпті қарсылас саналады және жанкүйерлердің қолдауынан қуат алады. Оларға жеңіс қажет, сондықтан жиі шабуылға шығады. Біз де қарап қалмаспыз. Қорғаныста сақ қимылдауымыз керек. Қазір топтан шығу туралы ғана ойлаймын, - деді «Барселона» ФК бас бапкері Эрнесто Вальверде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или