Аршавин «Qazsport-тың» комментаторы болуы мүмкін

Аршавин «Qazsport-тың» комментаторы болуы мүмкін

«Түнгі студия» бағдарламасында танымал ресейлік футболшы, қазіргі кездегі қазақстандық «Қайраттың» сапындағы ойыншы Андрей Аршавин «Qazsport» арнасынан тікелей көрсетілетін 2018 жылғы Әлем чемпионатын жүргізе алатынын айтқан болатын. Мұның қаншалықты мүмкін екенін телеарна директоры Павел Цыбулин топшылады.

- Андрей Аршавинның Әлем чемпионатын жүргізе алатынына қатысты айтқан пікіріне ойыңыз қандай?

- Бағдарламада Андрей 2018 жылғы Әлем біріншілігіне комментаторлық етуге қарсы емес екендігін әзіл арқылы білдірді. Біз әрине, тек «иә» дейміз. Біріншіден, Аршавин посткеңестік кеңістікте соңғы онжылдықтағы үздік ойыншылардың бірі. Екіншіден, танымал алматылық клубтың көшбасшыларының қатарында, үшіншіден, Әлем біріншілігі Ресейде өтеді. Бұл да қызығушылық тудыратын себеп.

-  Сонымен, Аршавинның ойына не айтасыз? Оны шақырасыз ба?

- Ойдың әзіл түрінде айтылғанына қарамастан, біз жарыстар кезінде оны бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Айта кетсек, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары бұл ірі спорттық шараны трансляциялаудың эксклюзивтік құқығына ие. Аршавин қазақстандық Премьер-лига ойындарынан бос күндері комментаторлық етуі мүмкін. Сондай-ақ, Әлемдік чемпионат аясындағы студиялық бағдарламадан көрінуі мүмкін. Жалпы, біз комментатор ретінде қазақстандық футболшыларды көргізім келеді. Олар қазіргі ойыншылар немесе  спорттық мансабын аяқтағандар.  Бірақ, олардың комментаторлық етпеу және сарапшылық жасамау үшін түрлі себептер айтатын сирек жағдайлар кездеседі. Дегенмен, футболдың мәнін олардан артық ешкім білмейді.

- Аршавинның бұған дейін Әлем чемпионаттарын жүргізбегені белгілі. Қазіргі комментаторлармен араларында бәсекелестік туындап қалмай ма?

- Әрине, Аршавин еңбек сіңірген ойыншы. Бірақ, комментатор ретінде енді тани аламыз. Дегенмен, оның сөздік қоры бай және оны пайдалана алатыны әлден анық. Сондықтан, сараптамасы сәтті шығуы тиіс. Оның үстіне, жақсы серіктестері болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или