Шардарада чемпиондар аллеясы ашылды
Шардара қаласы спорттың армрестлинг түрімен танымал. Ауданда қол күресі мектебінің іргесі 2001 жылы қаланған.
<span>Осы уақыттан бері өңірден 25 әлем чемпионы, жүзден астам Азия жеңімпазы, 235 ел чемпионы шыққан. Енді өз чемпиондарын ұлықтаған шардаралықтар оларға арнап чемпиондар аллеясын ашты. «Тал ек, гүл ек, туған жерді түлет!». Осындай ұстанымдағы спортшы жастар аллеяны өздерінің қаржысына салған. Шағын саябақта бұлшық еті берік екі спортшының қол күрестіріп жатқан бейнесі сомдалған ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ 300-ге жуық декоративті сәнді ағаштар отырғызылған.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или