Алматыда оқушылар арасында қалалық финал өтеді
Қарашаның 25-і күні 5-8-ші сынып оқушылары арасында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында спорттың төрт түрінен финалдық жарыс өтеді.
№ 131мектеп-лицейінде қаланың әр ауданынан келген үздік оқушылар асық ату, шағын футбол, арқан тарту, баскетболдан өзара мықтыны анықтайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медалдар мен дипломдар бағалы сыйлықтар табысталады.
Айта кетер жайт, бұл оқушылар арасындағы спорттық жарыстар ағымдағы жылы ақпанның 9-ы басталып, балалар және жасөспірімдердің спортқа деген қызыушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу мақсатында өткізілді.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или