«Астана» - «Вильярреал» ойынына арнайы автобустар жолға шығады
«Астана» - «Вильярреал» командалары арасында футбол матчы жанкүйерлерін «Астана Арена» стадионына жекізу мақсатында 23 қарашада арнайы автобустар жолға шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
<span>«Астана LRT» ЖШС өкілі Асқар Атағұлиннің Фейсбектегі мәліметін сілтеме жасап. Асқар Атағұлиннің хабарлауынша, 23 қарашада қосымша автобустар сағат 20:00-21:00 аралығында жүреді. «Автобустардың жеткізу орыны «Астана Арена» стадионы. Арнайы қоғамдық көліктер «Қазақстан» СК тұрағы, «Нұр Астана» мешіті тұрағы, «Жастар» сарайы» тұрағы, «Астаналық цирк» тұрағынан шығады. Жүру ақысы - 90 теңге. Жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз», - дейді ол. «Астана LRT» ЖШС өкілінің ақпаратына сәйкес, ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 23.30-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар шығады. </span>
<br /><br />