«Динамо» «Ақтөбені» тас-талқан етті (+Видео)

«Динамо» «Ақтөбені» тас-талқан етті (+Видео)

Еуропа лигасының 4-ші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» киевтік «Динамодан»  ойсырай ұтылды.

Киевтегі "Олимпийский" стадионында өткен матч 5:1 есебімен алаң иелері пайдасына шешілді. Украиндықтардың голландиялық шабулшысы Джермейн Ленс есепті 9-шы минутта ашты. Андрей Ярмоленконың пасынан 30-ы минутта Роман Безуса есепті еселеді.

Арада алты минут өткенде Андрей Сидельников қақпасына үшінші доп кірді. Гол авторы - Дьемерси Мбокани. Тура бір минуттан кейін "Ақтөбе" есепті қысқартты. Өзбекстандық легионеріміз Александр Гейнрихке қарсы ойын ережесі бұзылып төреші нүктеге нұсқады. Пенальтиді орындауға Гейнрихтің өзі жақындап мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Екінші таймда ойынға қосылған "Динамолық" Браун Идейе доп айрмасын үшке дейін жеткізді. 73-і минутта киевтіктердің капитаны Олег Гусев айып алаңы маңынан допты шірене теуіп көркем гол авторы атанды.

Қос кездесудің нәтижесін санағанда жалпы есеп - 8:3. "Динамо" Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті.

«Динамо»-«Актобе» - 5:1 (3:1)

Голдар: Ленс 9, Безус 30, Мбокани 35, Идейе 52, Гусев 73 – Гейнрих 37

«Динамо»: Коваль, Драгович, Тремулинас, Хачериди, Гусев (Домагой 73), Ярмоленко (Идейе 46), Велозу, Вукоевич, Безус, Ленс, Мбокани (Дуду 46).

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров (Харабара 57), Балдо, Праймус, Арзуманян, Балтаев, Хайруллин, Тағырберген, Кападзе (Гридин 72), Давыдов (Лисенков 57), Гейнрих.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или