Кавани: Неймар екеуіміз дос емеспіз

Кавани: Неймар екеуіміз дос емеспіз

ПСЖ-ның шабуылшысы Эдинсон Кавани командаласы Неймармен ара-қатынасының қандай екенін айтты.

«Жақсы достарыңның болуы – қалыпты жайт. Бірақ Неймар екеуіміз дос емеспіз. Маңызды, біз бір-бірімізді сыйлаймыз және екеуіміз де бұл үшін не істеу керек екенін білеміз», - деді Кавани UOL-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Кавани мен Неймар айып соққысы мен пенальти тебу кезінде келіспей қалған болатын. Кейін бас бапкер Унаи Эмеридің шешімімен, пенальтиді екеуі алма кезек тебетін болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или