Мажейка «Астана» және «Вильярреал» кездесуіне төрелік етеді
«Астана» Еуропа Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында испаниялық «Вильярреалға» қарсы ойнайды.
Бұл ойынның бас төрешісі қызметіне Литвалық Гедеминас Мажейка тағайындалды. Бұл 39 жастағы төреші үшін қазақстандық командалардың қатысуымен өтетін бірінші кездесу емес.
Мажейка 2010 жылы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында «Рух» (Польша) – «Шахтер», және «Маккаби» - «Шахтер» арасындағы кездесулерге қазылық еткен. Екі ойын да қарағандылық команданың жеңілісімен аяқталған еді.
Бұл ойында Гедеминасқа Витаутас Шимкус, Вятенис Казлаускас көмектеседі.
Ойынның қосалқы асистенттері: Манфредас Люкянчукас және Робертас Валиконис.
Қосалқы төреші: Довидас Сужиделис.
Ойын 23 қараша «Астана Арена» стадионында 22:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или